Monolit Group"Жаңа Өмір" тұрғын үй кешенінде ашық аспан астындағы ерекше кино кеш ұйымдастырып, тұрғындарға ұмытылмас әсер қалдырды.
Бұл кеш тұрғындарға тек фильмді тамашалау мүмкіндігін ғана емес, сонымен бірге бір-бірімен танысып, жылы қарым-қатынас орнатуға да мүмкіндік берді.
Monolit Group тұрғын үйлерді салып қана қоймай, сондай-ақ әрбір тұрғынға қамқорлық көрсетіп, бірегей орта құруды мақсат етеді. Біз үшін ең маңыздысы – тұрғындарымыздың бақытты және жайлы өмір сүруі.
Келесі шараларымызды жіберіп алмаңыздар – біз сіздерді қуантуды жалғастырамыз!