news kaz

Чемпиондарға арналған «Жаңа өмір»!

"Monolit Group" компаниясы өз елінің даңқын асырған Олимпиада чемпиондарына құрмет көрсетті. Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға 3 бөлмелі пәтер, ал грек-рим күресінің бапкері Боранбай Қоңыратовқа 2 бөлмелі пәтер салтанатты түрде табысталды.

Шара барысында Назым Қызайбай компанияға алғысын білдіріп, көрсетілген құрметтің өзіне жаңа жетістіктерге талпынуға шабыт бергенін айтты. Ал Боранбай Қоңыратов компанияның бұл бастамасы спорт саласын қолдаудағы ерекше қадам екенін атап өтті. Тұрғындар батырларымызды еліміздің абыройын асқақтатып, әлемдік ареналарда Қазақстанды танытқандары үшін шын жүректен алғыстарын жеткізді.

"Monolit Group" – ел болашағы үшін аянбай еңбек ететін компания! Бізбен бірге чемпиондардың жеңіс жолдары жалғасады!
2024-08-24 11:00